jasqazaq.kz

БҒМ: Ата-ана мектеп формасын еркін таңдай алады

07 маусым 2022, 14:12

Елімізде оқушылардың міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіліп, бұйрық жобасы дайындалды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа оқу жылына дайындық жаздыгүні басталады. Баланы мектепте дайындауда ата-ананы ойландыратын жайттың бірі — мектеп формасы. Көптеген ата-ана мектеп формасын сапалы әрі қолжетімді бағамен сатып алғысы келеді. Бүгінгі таңда міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіліп, бұйрық жобасы дайындалды. Ата-ана өзі қалаған мектеп формасын еркін таңдай алады. Барлық өңірдегі білім басқармалары мен бөлімдері ата-аналарға мектеп формасын таңдауда бірыңғай түсті ұсынады», — деді Гүлмира Кәрімова ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппараттық жиналысында.

Оның айтуынша, мектеп формасының бала тәрбиесіне әсері бар.

«Мектеп формасына эмблема басқа да мектеп белгілерін жапсыруға болады. Сапалы әрі қолжетімді мектеп формасымен қамтамасыз етудегі жаңа тәсіл оқушылар арасындағы әлеуметтік, мүліктік және өзге де айырмашылықтарды жояды деп есептейміз», — дейді ол.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр