
Соңғы кезде спортқа бәс тігушілер қауымдастығында небір өзгерістер болып жатыр. Қазақстан да заманауи үрдістен сырт қалмауға тырысады. Тек біздің шенеуніктер ғана енжарлық танытып отыр.
Қазіргі заманда спортқа бәс тігу әлемдегі миллиондаған жанкүйер мен фанаттарды бір арнаға тоғыстырған өзгеше ермек іспетті. Беттинг аудиториясы барған сайын көбейіп, кеңейіп барады. Жастар арасында кеңінен таралған киберспорт сияқты жаңа бағыттар пайда болды. Қазақстанда да осындай үрдіс анық байқалады. Айталық, букмекерлердің бағалауынша, қандай да бір спорт жарысына тұрақты түрде бәс тігетіндер саны бір жылдың ішінде 50-60 мыңға көбейген. Ал жалпы біздің елімізде беттингке құмартатындар жарты миллионнан асады.
Сонымен бұл салада қандай тың өзгерістер бар?
«Әлеуметтік беттинг»: жанкүйерлер спортты қолдайды
Жанкүйер бәс тіккен кезде дұрыс болжам жасай алмай, ұтылуы мұмкін. Әлбетте, бәстен қайтпаған ақша беттинг компаниялардың табысын еселейтіні белгілі. Сонымен бірге букмекерлік компания нақты бір командаға қаржылай көмек көрсетеді. Таратып айтсақ, сіз қандай да бір команданың бас демеушісі саналатын букмекерге барып бәс тіккен кезде, өз қаржыңызбен сол командаға қолдау көрсетесіз.
Қазір спорт фанаттары арасында дәл осындай қолдауға негізделген өзгеше субмәдениет қалыптасқан. Батыс елдерінде жанкүйерлер қауымдастық құрады. Осылайша олар нақты командаларға демеушілік жасауды күшейту мақсатын көздейді. Ал футболшылар формасындағы букмекерлік компаниялардың жарнамасы жанкүйерді осы жағынан хабардар етеді.
Байқасаңыз, мұндай тренд Қазақстанда да бар. Мәселен, отандық жанкүйер қауым «1xBet» букмекерлік компаниясы Алматының «Қайрат» футбол командасының бас демеушісі екенін жақсы біледі.
Жастар үшін киберспорт тартымды
Киберспорт жарыстары да құлашын кең жайды. Қазір букмекерлік компаниялар бокс пен футболмен қатар, киберспорт жарысына да мән бере бастады. Соңғы екі-үш жылдағы тенденция осындай. Беттингке жастардың да мойын бұра бастауы дәл сонымен байланысты. Сарапшылардың айтуынша, киберспорттың кең таралуы букмекерлік бәс тігудің заманауи нарығындағы ең басты ерекшеліктің бірі. Соның ішінде біздің елімізде де. CS:GO, Dota2 турнирлері жанкүйердің орасан аудиториясын жинайды. Бұған елдегі кең танылған букмекерлік компанияларда онлайн бәс тігудің қолжетімділігі де өз әсерін тигізуде. Өйткені жастар букмекер кеңсесінде отырғаннан гөрі, процесті онлайн түрде бақылағанды жөн көреді.
Қалайша барлығы жылдам өзгереді! Осыдан екі-үш жыл бұрын ғана киберспорт жұртқа таңсық көрінетін. Ал бүгін болжам жасау жағынан басқа спорт түрлерінен қалыспайды.
Онлайн бәс тігу басым
Карантин және онымен байланысты шектеу шаралары бәс тігуге арналған залдардың ұзақ мерзімге жабылуына әкеп соқтырды. Сондықтан букмекерлік компаниялар онлайн қызмет көрсетуге ойыса бастады. Осыдан келіп онлайн бәс тігу қарқыны артты. Әлбетте, беттинг компанияларға мәселенің техникалық жағын шешуге тура келді. Оның өзі оңай тиген жоқ. Қазақстандағы букмекерлер алдында мобильдік интерфейсті бейімдеу міндеті тұрды. Сонда кез келген беттингке құмартушы мобильдік құрылғыдан оп-оңай бәс тігіп, сол арқылы оқиғаны бақылауға мүмкіндік алатын еді. Компаниялар осы бағытта қыруар шаруаны атқарды. Қазір IOS и Android смартфонында арнайы қосымшалар қолжетімді. Соның арқасында кез келген жерден бәс тігуге болады.

Мамандардың ойынша, онлайн-беттинг дамып келе жатқан тренд. Алдағы 4-5 жылда желі арқылы бәс тігу букмекерлік оффлайн-залдарды ығыстыруы да ғажап емес. Әрине, мұның бәрі пандемия мен карантиндік шектеудің қаншалықты ұзаққа созылуына да байланысты.
Экзотикалық бәс тігу
Қазақстанда спорт саласына жатпайтын оқиғаларға бәс тігуге заң жүзінде тыйым салу туралы ұсыныс жасалғаны мәлім. Мұндай бастамалардың логикасын түсіну қиын. Шыны керек, бізде «ағысқа қарсы жүзуді» жақсы көреді. Дамыған елдерде бір нәрсеге рұқсат берсе, біздің шенеуніктер, керісінше, тыйым салуға ұмтылады. Беттингте де солай. Мәселен, Ұлыбританияда қандай оқиғаларға болжам жасау ұсынылады десеңізші! Тек футбол, баскетбол, бокс немесе хоккейге ғана емес, спорттан мүлде ауылы алыс салаларға да. «Оскар» мен «Евровидение» нәтижесіне бәс тігу белең алған. Карантин жағдайында беттингке құмартушыларды нақты бір елдегі оқиғалар қызықтырды. Өткен жылы коронавирусқа қарсы вакцина егуді бастау мерзіміне қатысты бәс тігу болды. Сондай-ақ локдаун қашан аяқталатыны және сол сияқты басқа да болжамдар қабылданды.
Алайда мұндай бәс тігудің өзіндік қиындығы да жоқ емес. Соның ішінде – төмен коэффициент. Букмекерде спортқа бәс тігуде орташа маржа 3 пайызды құраса, экзотикалық бәс тігуде ол 15-20 пайызға дейін жетуі мүмкін. Букмекер болжам жасаушыдан артықшылыққа ие болғанда кәнігі кәсіпқойдың бәс тігуі неғайбыл. Әйтсе де, қызық қуған құмарпаз үшін бұл таптырмайтын ермек.
Букмекерлік кеңселердің жұмысын заңдастыру
Ең негізгі жаһандық трендті айтпай кетуге болмайды. Бұл – букмекерлік бизнеске деген көзқарастың өзгеруі. Букмекерлер спортқа белсенді түрде демеушілік жасаған сайын, оның қызмет сапасы артады. Билік те оған оң қабақ таныта бастады. Мәселен, АҚШ-та бірнеше жылдың ішінде 19 штат спортқа бәс тігуді заңдастырды.
Қазір Еуропада да, АҚШ-та да, Азияда да букмекерлік индустрияның әлемдік спортқа орасан қолдау көрсетіп отырғанына күмән жоқ. Алдағы уақытта бұл үрдіс тіпті күшейе түседі. Сондықтан спорттың дамуына мүдделі мемлекет пен үкімет атаулыға осы тенденциямен санасуға тура келеді. Букмекерлердің орасан сомадағы (жылына ондаған миллиард доллар) демеушілігі спорттың дамуына ықпал етіп отырғанына көзі жеткен соң, бүкіл әлемде беттинг компанияларға мойын бұра бастады. Регламент жұмсартылды, бұрын тыйым салынған немесе ойын бизнесіне теңестірілген жерде букмекерлік заңдастырылды.
Спортқа жақын миллиондаған жанкүйердің басын біріктірген әлеуметтік беттингтің жаңа трендін сарапшылар теңдессіз құбылыс деп санайды. Оны үлкен спортқа қаржы құятын сиқырлы құмыраға теңейтіндер бар.
Enlabs беттинг онлайн-платформасының бас операциялық директоры Дайнис Ниедра былай дейді: «Бүгін біз бүкіл әлемдегі жанкүйерлер қауымдастығы өзгеше трендті дүниеге әкелгенін көрдік. Беттингті жаңаша қабылдаудың мәні мынада: бұл жеңіс пен жеңіліске тек ақша салу немесе құмарлыққа берілу емес. Сіз болжам жасайсыз, спорт туралы өз танымыңызды білу үшін бәс тігесіз. Сонымен бірге сүйікті спортшыңызға немесе командаңызға қолдау жасайсыз».
Өзгерістен құр қаламыз ба?
Айта кеткен жөн, бұл құбылыс әлемде спортқа жауапты министрліктердің қатысуынсыз жүріп жатыр. Мемлекеттік шенеуніктердің араласуынсыз-ақ фанаттар мен жанкүйерлер қауымдастығы құрылды. Олар тек ермек үшін емес, нақты командалар мен клубтарға қолдау жасайды. Сол сияқты біздің елімізде де осындай тұтас қауымдастықтар пайда болды. Олар беттингке сүйікті спортшылары мен командасына тікелей жәрдем беретін құрал деп қарайды.
Елдегі букмекерлік кеңселердің қызметкері Мейрамбек былай дейді:
– Қазақстандағы футбол турнирлеріне букмекерлік бәс тігу көбейді. Жергілікті фанаттар қай командаға кімнің демеуші екенін жақсы біледі. Командасы жеңілген кезде «Ақтөбе, мен бәс тігуде ұтылып қалдым, бірақ бұл сендерді қолдасын!» деп чатта жазып жатады. Міне, көз алдымызда осындай тенденция қалыптасуда. Бір жыл бұрын ғана мұндай ештеңе жоқ еді. Тағы бір қызық жәйт: команда фанаттары қандай да бір букмекерлік кеңсенің демеушілігі белсендірек деген сыңайда пікір алмасатын болды. Демеушілік жасамайтын букмекерлерді жерден алып, жерге салады…

Міне, осылайша Қазақстан әлемдік тенденция ағымынан қалып қоймауға тырысады. Бірақ біздегі спортқа жауапты атқамінерлер туралы бұлай дей алмаймыз. Соның кесірінен бүкіл өзгерістен құр қалып, кешегі күннің көлеңкесінде қалып қою қаупі бар! Букмекерлерге баяғыша «құмарлық» деп қараса, отандық спорт қуатты қолдаудан қағылатыны сөзсіз. Онда олимпиадада жеңіске жету туралы сөз қозғаудың өзі артық.
Айдос Құсайынұлы