
Тәртіп сақшылары Қостанайдағы жанар-жағармай бекеттерінің бірін тонаған қарақшыны іздестіріп жатыр.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін түнде «Қостанай — Рудный» тас жолының бойында болған. Жергілікті жанармай бекетінің бірінде бетперде киген қаскөй кассирді қорқытып, 34 мың теңгеден астам қаражатты алып кеткен. «Аталған факті ҚР ҚК 191-бабы (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде», — деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.