jasqazaq.kz

Бетперде киген қарулы екі адам Түркістандағы ойынхананы тонап кетті (Видео)

10 шiлде 2022, 14:38

Бетперде киген қарулы екі адам Түркістандағы ойынхананы тонап кетті. Күдіктілердің бірінің қолында ойыншық тапанша болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға таңғы сағат 04:58 шамасында болған. Бетперде киген, қолында қаруы бар екі ер адам ойынханадағы касса жәшігін бұзып, ішінен 350 000 теңгені алып кеткен.

«Аталған деректі біз ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі бойынша тіркедік. Жан-жақты жедел іздестіру шараларының нәтижесінде екі тәулік ішінде күдікті ретінде Түркістан қаласының екі тұрғынын ұстадық. Тергеу барысында күдіктілер қылмыс жасағанын мойындап, ұрланған ақшаны жеке қажетіне жұмсағанын айтты»,- деді Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Құрманбек Сахов.

Тергеу барысында күдіктілердің бірі қолындағы тапаншаның ойыншық екенін, оны қала базарларының бірінен сатып алғанын айтқан. Ал, қарақшылық шабуыл жасағаннан кейін ол қаруды дәретханаға тастаған. Кейіннен ойыншық тапанша да заттай дәлел ретінде тәркіленген.

«Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда күдіктілер қамауда. Оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталып жатыр», — деді Қ. Сахов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде