jasqazaq.kz

Бетперде киген қарақшы әйелдің сөзінен шошып кеткен

06 ақпан 2020, 11:59

Қытайда бір әйелдің үйіне баса-көктеп, бетперде тағып кірген 25 жастағы жігіт шалқасынан құлай жаздады. Себебі ол, әлгі әйелдің сөзінен кейін шошып кеткен.

Үйін тонамақшы болған қарақшыға әйел өзінің коронавирусқа шалдыққанын айтқан. Соның арқасында әйел бір өлімнен аман қалды. Әлемді дүрліктірген аурудың арқасында аман қалған әйелдің басынан өткен бұл оқиға туралы «Metro» жазды.

Бұл жай өткен жұмада Қытайдың Цзиншань шаһарында болған. Үйіне баса-көктеп кірген адамды көрген сәтте әйел қатты жөтеліп, «Мен Ухань қаласынан келдім. Коронавирусқа шалдықтым. Сондықтан үйде карантинде жатырмын», — деп айқайға басқан.

Әлгі әйелдің айқайынан шошығандықтан, бетперде киген адам оның телефоны мен ақшасын алып, тайып тұрыпты. Абырой болғанда, қарақшы ұсталыпты.

 Skifnews.kz

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия