jasqazaq.kz

Беташар жасаған ер адам жазаланды (видео)

25 қыркүйек 2020, 17:42

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысының тұрғыны карантин кезінде үшінші әйеліне беташар жасап жатқан видео пайда болды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

Видеоны журналист Гүлмира Әбіқайдың Instagram-дағы парақшасында жариялады. Әйел төрт баланың анасы және бесіншісіне жүкті екенін, ал күйеуі Ақтаулық бойжеткенге, тағы бір әйеліне беташар жасағанын айтады.

«Менің атым Динара. Бүгін күйеуім үшінші әйелін алды. Бүгін беташар жасады. Соған мен сіздерден өтініш сұрайын деп едім, маған көмектесе алатын қандай да бір заң бар ма?» — деп сұрады әйел видеода.

Келесі кадрларда беташарды көруге болады. Қалыңдық ортада ақ орамал тағып тұр. Айналасында қонақтар жиналған.

Түркістан облысының полицейлері карантин кезінде беташар жасағаны үшін ер адам жазаланатынын хабарлады.

«Кентау полициясы рейд кезінде ауылда карантинде беташар болғанын анықтады. 425-бап бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді. Материалдар санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жіберілді», — деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаменті өкілдері.

Айта кетейік, Қазақстанда көп әйел алғаны үшін жаза жоқ.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Гүлмира Әбіқай (@gulmir_ktk)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде