jasqazaq.kz

Беташар тойын жасаған тұрғын айыппұл төлейтін болды

22 наурыз 2020, 10:53

Мақтааралдық полицейлер төтенше жағдайға қарамастан беташар тойын жасаған тұрғынды жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Қазақстанда 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін төтенше жағдай режимі енгізілгені белгілі. Десек те, тұрғындар тарапынан әлі де болса мұны сезінбей, біршама адамның басын қосып той жасау жайттары орын алуда. Осыған орай Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Яғни күндіз және түнде рейдке шығып , адам көп жиналатын басқосу, той-жиын, іс-шараларды өткізуге тыйым салып, қауіпсіздік шараларын қадағалауда. Осындай кезекті рейд барысында Мақтаарал ауданы Жаңаауыл әкімшілігіне қарасты ауылдардың бірінде тұрғын үйінің ауласында келін түсіріп, беташар тойын жасап, туыстарын жинаған тұрғын анықталды. «Қазақстан Республикасы Президентінің 15.03.2020 жылғы Жарлығының талаптарын өрескел бұзған аталмыш тұрғынға ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 476-бабы бойынша хаттама түзіліп, аудандық соттың қаулысымен кінәлі деп танылып, айыппұл салды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде