jasqazaq.kz

Бестөбедегі алтын кенішінде төтенше жағдай орын алды

27 сәуiр 2019, 18:06

Қаза тапқандар алтын кенішіне заңсыз түскендер екені белгілі болды, біреуі аман қалды.

Ақмола облысында «Қазақалтын» тау-кен комбинатына тиесілі Бестөбедегі кеніште тау жыныстары опырылып, салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді. Оқиға сенбі, 27 сәуірде таңғы сағат 04.00-те болған. Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кен тастары опырылған кезде шахтаның ішінде болған үш адам кенішке заңсыз түскендер болып шықты. «Екі адам қаза тапты. Екеуі де шахтаға заңсыз алтын іздеп түскендер. 50 жастағы үшінші ер адам жарақат алып, қабырғасы мен қолы сынды. Оның жағдайын дәрігерлер орташа деңгейде деп бағалап отыр. Ол Степногорскідегі ауруханаға жеткізілді», — деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Динара Есенбаева. Қаза тапқандардың бірінің кім екенін анықталды, ол 1976 жылы туған К. С. есімді азамат. «Кенішке заңсыз түскендердің қай елді мекеннің тұрғындары екені әзірге белгісіз. Құжаттары жоқ. Қазір екінші адамның кім екенін анықтап жатырмыз», — деді оқиға орнында болған Степногорск төтенше жағдайлар басқармасының инспекторы Сұңғат Абраев. Қаза болғандар мен аман қалған тұрғынды үйінді астынан «Қазақалтын» комбинатының жанындағы тау-кен құтқару жасағының мамандары мен төтенше жағдайлар басқармасының құтқарушылары алып шықты.

Дереккөз: sputniknews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде