jasqazaq.kz

Бескөл ауылының халқы судан уланды

03 маусым 2021, 17:55

Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл ауылы тұрғындарының судан уланғаны анықталды. Қызылжар аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау қызметінде жасалған сараптама тіршілік көзінің құрамында адам денсаулығы үшін қауіпті микробтардың өте көп екенін көрсетіп отыр. Соңғы 5 күн ішінде 130 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

15 мың халқы бар елдімекенді «БАЗИС-ПРОМ» серіктестігі тіршілік көзімен қамтамасыз етіп отыр. Коммуналдық мекеме басшысы Қайырбек Нұрлин сырқаттанған халықтың өзін айыптап отыр.

«Біз таратып жатқан су – барлық талаптарға сай. Тазаланып келеді. Мен көпті көрген адаммын, сондықтан білемін. Адамдардың өзі денсаулығына немқұрайлы қарайды. Дүкеннен арзан шұжық пен газды сусындар алып ішеді. Оның үсіне күн ыстық болды. Бүлінген азық тұтынған болар. Барлығы суға шомылды. Инфекцияны өздері жұқтырған», — дейді ол.

Солтүстік Қазақстан өңірлік комуникациялар орталығында өткен брифингте Есіл өзені мен тұрғындардың үйіне келетін судан алынған сараптама нәтижесі жарияланды.

«Табиғи су қоймалары мен ауырып жатқан адамдардың үйінен алынған суды зерттедік. Өзен-көлдер таза. Ал ауыз судың құрамында микробтар көп. Қосымша сараптама жұмыстары тағайындалды», — дейді Қызылжар ауданының бас мемлекеттік санитар-дәрігері Жангелді Ыбыраев.

Сапасыз суды тұтыну арқылы инфекция жұқтырған 18 адам ауруханада жатыр. Науқастарға анықталмаған энтеровирустық инфекция диагнозы қойылды. Мамандардың айтуынша, әсіресе балалар дене қызуы көтеріліп, құсып қатты ауырады. Аталған жұқпа сумен қатар, ауа тамшыларымен де тарала береді. Халықтың жаппай ауыруына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Арнайы топ кешенді сараптама жұмыстарын жүргізуде.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді