jasqazaq.kz

Бесінші қабаттан құлаған 8 жасар бала аман қалды

20 сәуiр 2020, 17:42

Бүгін Қарағандыда көпқабатты үйдің 5-қабатынан бала құлап кетті. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Бүгін Қарағандыда 5-қабаттағы пәтер терезесінен 2012 жылы туған жеткіншек құлап кетті. Ол ауруханаға жатқызылды.

«Науқас бас сүйек-ми зақымын алған, желке сүйегі мен омыртқасы сынған. Жағдайы орташа ауыр. Балаға қажетті толық медициналық көмек көрсетіліп жатыр», — деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұл — облыста тіркелген үшінші жағдай. Бұған дейін жазатайым оқиға Теміртау және Жезқазған қалаларында болған. ТЖД өкілдерінің айтуынша, балалардың жарақат алып, қайтыс болуына ересектердің ұқыпсыздығы себеп. Сондықтан үлкендерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

«Қазір карантин кезінде балаларды қадағалап отыру қажет, оларды терезесі ашық бөлмеде қалдырмаған дұрыс. Бала терезеге шығып кетпес үшін жиһаздың барлығын терезе маңынан алысырақ маңға қойыңыз. Москит торына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғамайды. Бала терезені бірнеше сантиметрден артық аша алмауы үшін арнайы фиксатор орнатып қойыңыз. Балаға терезенің қауіпті екенін айтып, түсіндіріңіз. Егер фиксатор орнатуға мүмкіндігіңіз болмаса, терезенің тұтқасын алып қойып, қажет кезде ғана пайдаланыңыз», — деп кеңес берді құтқарушылар.

ҚазАқпарат

09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде