jasqazaq.kz

Бесінші бала бесік көрмеді

07 қазан 2019, 14:34


Оралда қоқыс контейнерінің жанынан өлі табылған нәрестенің анасы ұсталды.

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 6 қазан күні таңертең Құрманғазы көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында қоқыс контейнерінің жанынан қара түсті сөмке табылған. Оның ішіндегі целлофан пакетте жаңа туған шақалақтың өлі денесі болған. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Орал қаласының 1988 жылғы тұрғынын анықтап, ұстады. Оқиға орнынан сөмке, жамылғы, 2 пакет, 2 есік кілті, домофон кілті табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 100-бабына сәйкес (жаңа туған баланы анасының өлтіруі) тергеу амалдары жүргізілуде. Анықталғандай, әйелдің бұдан басқа төрт баласы бар. Шақалақтың қалай өлгені сараптама қорытындысына сәйкес анықталатын болады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың мүрдесі табылғанын жазған болатынбыз.

 ҚазАқпарат 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда