jasqazaq.kz

Бесіктен белі шықпаған бұзақы балалар (видео)

22 қантар 2019, 17:58

Әлеуметтік желіде бір топ жасөспірім балалар өздерінің 2-3 замандасын ұстап алып, ұрып, қорлап жатқан видеосы жарық көрді. Бұл туралы ernur.kz хабарлады.

Нақтырақ айтқанда, фейсбук қолданушысы (М.Сарбалаева), өзінің парақшасына шамамен 5-6 жасөспірім балалардың өздерімен қатар 2-3 баланы ұрыс-соғып жатқан 2 видеоны жариялады.

Видеолардың бірінде бұзақылар жәбірленушілерді тілдеріне темекі баспақ болып, аяқкиімдерін жалатпақ ниеттерін танытып, әбден масқаралайды. Артынан ұрып, теуіп құлатып, үстерінен секіреді. Таяқ жеп жерде жатқанның бірі күшті соққыдан қабырғасын ұстап, дөңбекшіп аунап түседі. Екінші видеода да соған ұқсас көрініс. Тек кейіпкерлер басқа секілді. Ауыздары былапыт сөздер тоқтаусыз шығып жатқан жасөспірімдер жәбірленушілерге бұйыра сөйлеп тұр. Ал, әлгілер қолдарымен қорғанып көптің бұйрығын орындағаннан басқа амалдары болмай отыр.

— Ағайын тыныш, тыныш! Қай жылғысыңдар?

— 2003.

— Даусыңды шығар!…

— Қай жақтыкісіңдер?

— Ремзавод.

— Ремзавод па? Ремзавод лох де. Қатты айт.

— Үшеуің тізерлеп тұрып бірге айтыңдар!

— 2003 лох де!

— Аяғымды жала, қазір ана жерімді жалатамын. Қазір балдарың келеді. Сосын кетесіңдер обшем… — деген күш көрсету арқылы бұйыра сөйлегендері анық естіледі.

Осы кезде бұзақылардың бірі «тоқта, мен анадай белгі қойып берейін» деп, қалтасынан пышақ алып шығады. Алайда, жанындағылар оны сабырға шақырды. Сондай-ақ, видеода «Жолдың асты, 2003 жеңді», «Жолдың асты, 2003 күшті жүреді» деген сөздер бар.

Көпшілік бұл жағдайдың Түркістан қаласында орын алғанын жазуда. Желі қолданушылары «Ремзавод» және «Жолдың асты» шағын аудандары Түркістан қаласында орналасқанын алға тартады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда