jasqazaq.kz

Бесік жыры шырқалды

29 наурыз 2019, 13:44

     Алматыда ұлттық мұрамызды ұлықтап, төл мәдениетімізді жаңғыртуға бағытталған «Киелі бесік» республикалық өнер байқауы елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылды.

Келешек ұрпаққа киелі бесік пен бесік жырынның қадір-қасиетін дәріптеуге арналған байқауға Алматы қаласынан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау облыстарындағы жоғары оқу орындары мен колледждерінің, Ұйғыр аналар одағы, Орыс мәдени орталығы, Неміс мәдени орталығы, Татар-башқұрт қоғамдық мәдени орталығы, Украин мәдени орталығы және Алматы облысы Жамбыл аудандық Мәдениет үйінің, Жамбыл облысы Жуалы мен Қордай аудандарының өнерпаздары қатысты.

Салтанатты рәсімде педагогика ғылымдарының докторы Гаухар Алдамбергенова бұл фестиваль – бабадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық қазыналарымызды қадірлеуге, жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтеуге үндейтіндігін атап көрсетті.

Екі кезеңнен тұратын байқаудің алғашқы турында қатысушылар бесік тақырыбында театрландырылған қойылым көрсетсе, екінші кезеңде «Киелі бесік» тақырыбындағы халық әндерін орындады. Олардың қатарында бесік жырлары, ана әлдиі мен бесік туралы әндер болды.

Фестиваль қорытындысы бойынша Тараз қаласындағы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі бас жүлдеге ие болды. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттерінің өнері қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып бірінші орын алды. Ал екінші орын Украин мәдени орталығы мен Жамбыл облысы Жуалы ауданының өнер ұжымына бұйырды.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті мен Жамбыл облысы Қордай ауданының өнерпаздары үшінші орынды қанағат етті. Фестиваль жеңімпаздары арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Мақпал Ноғайбаева

 

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда