jasqazaq.kz

Бес қыздың өлімі: Балалардың ата-анасы түнгі жұмыста болған

04 ақпан 2019, 15:43

Астана әкімдігінде өрт салдарынан зардап шеккен отбасы туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өрт салдарынан көз жұмған балалардың анасы пластикалық карта шығаратын зауытта, ал әкесі көлік жөндеу орталығында қызмет етеді. Қайғылы оқиға кезінде екеуі де түнгі ауысымда жұмыста болған», — деп нақтылады елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева. Белгілі болғандай, балалардың әкесі 1984 жылы, анасы 1986 жылы дүниеге келген. «Екі бала мектепте төртінші және алтыншы сыныпта оқып жүрді. 2014 жылғы үшінші бала өткен жылдан бастап мемлекеттік балабақшаға орналастырылған. 2016 жылғы балаға биыл балабақшаға жолдама берілуі тиіс еді», — деді Ж. Жүргенбаева. Еске сала кетейік, 4 ақпан күні түнінде елорданың Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шықты. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген 5 баланың денесі табылды. Ең кішісі небәрі үш айлық сәби еді. Сонымен қатар, бүгін Астана әкімі Бақыт Сұлтанов бес баланың өрттен көз жұмуының себеп-салдарын анықтауды талап етті. Өрт салдарынан зардап шеккен бұл отбасы баспана кезегінде тұрмаған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда