jasqazaq.kz

Бес қабатты тұрғын үйдегі өрт сөндірілді

15 ақпан 2020, 21:09

Атырау қаласында бес қабатты тұрғын үйдегі өрт сөндірілді.Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.  

«15 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 16:22-де «101» пультіне Махамбет көшесі №121 үйдегі бес қабатты үйдің өртенуі туралы ақпарат келіп түскен. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше үйдің шатырын түгелге жуық жалын шарпыған. Құтқарушылар 30 тұрғынды эвакуациялады», — делінген ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми хабарламасында.

Жергілікті уақытпен сағат 18:18-де 600 шаршы метр аумақты шарпыған өрт тоқтатылды. Ал 18:28-де толық сөндірілді.

«Өртті сөндіруге жеке құрамнан 35 адам және облыстық ТЖ департаментінің 8 техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері үй аумағын қоршауға алды. Тұрғын үйдің шатыры түгел жанып кетті», — делінген комитет хабарламасында.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия