
Жамбыл облысында, Жаңатас қаласында бір отбасының кәмелетке толмаған бес баласы қаза тапты. Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін, 19 ақпанда болған. Шағын ауданнан 3-қабаттағы пәтерде өрт шықты. Осы сәтте пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған бес бала болған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, отбасының әкесі жұмыста болған, анасы дүкенге кеткен. Өрт салдарынан кәмелетке толмаған балалардың барлығы көміртегі тотығынан зардап шегіп, шұғыл ауруханаға жатқызылған, бірақ біраз уақыттан кейін қайтыс болды», — делінген хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша, оқиға орнына барған Жамбыл облысы әкімінің өкімімен оқиғаның себептерін анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек бастаған арнайы комиссия құрылды.
https://youtu.be/iN923_K0mE4
Комиссия құрамына прокуратура, полиция бөлімі, төтенше жағдайлар департаменті және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.
Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы органдар жан-жақты көмек алады, оның ішінде психологтер жұмылдырылып, жерлеу рәсімдеріне көмек беріледі.
Оқиға орнында өртке қарсы қызметтің 6 қызметкері мен 1 дана техника жұмыс атқарды. Өрт толықтай сөндірілді.
Жаңатас қаласына облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен Полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов аттанды.
Stan.kz