jasqazaq.kz

Бес баласы бар депутат: «Жарықты сөндіріп жүреміз, суды босқа ағызбаймыз»

15 ақпан 2019, 10:08

Парламент Мәжілісінің депутаты, бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Нұржан Әлтаев бір баланы бағуға айына 20 мың теңге жеткілікті деген сөзін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«20 мың теңге сомасы айтылғанда, Астанада аналардың әлеуметтік жәрдемақыны әр балаға 20 мың теңгеге көтеру талабы еске түсті. Қаржы министрінің пікірін білесіздер, бұл мәселені комиссия қарап жатыр. Сондықтан осы жәрдемақы бірден есіме түсті. Үнемдеп жаратса бұл қаражат жеткілікті бола ма деген ой келді. Бес баланың әкесі ретінде 100 мың теңге қосылып отырса, бұл отбасылық бюджетке жақсы көмек болар еді. Осындай ой болған», — деді Әлтаев. Жанұясы жайлы сөз қозғаған ол әйелінің декрет демалысында екенін айтты. «Кенже баламыз әлі емшекте. Мен табыс жағын ойлаймын. Ақша жетпей жататын да кездер болады, барлық отбасында болатын жағдай. Өз бюджетіңді есептеуің керек. Бұл жағдайда көбіне отбасыларда әйелдер пысық келеді, бізде де солай. Ал менің міндетім ақша табу. Әйелім бұл мәселеге мұқият қарайды, қайда әрі қалай жарату керек екенін біледі», — деді Әлтаев. «Әйелім сіздерге сұхбат берсе, нақтырақ түсіндірер еді. Менің міндетім — табу. Бес баланың ата-анасы атансақ, біз оларға жауаптымыз. Мен ер адам ретінде бұған көбірек жауапкершілік арқалаймын», — деді депутат. Ол жұмысының көптігіне байланысты қонаққа сирек баратынын айтты. «Бәрін есептейміз, коммуналдық қызмет ақысы отбасы бюджетінің біршама бөлігін жұмсауға мәжбүрлейді. Әр бөлмеде жарықты өшіріп жүруге тырысамыз, суды босқа ағызбаймыз, азық-түлікті базардан арзанырағын аламыз», — деп бөлісті отбасы бюджетін үнемдеу жолын депутат.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда