jasqazaq.kz

Бес ай бұрын жоғалған 16 жастағы қыз табылды

26 қантар 2018, 14:39

Бес ай бұрын жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қыз Алматыдан табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қыздың із-түссіз кеткені туралы оның 53 жастағы анасы 2017 жылдың тамызында Талғар АІІБ-ге арыз жазған.

Аудандық полиция қызметі бірден іздеу жұмыстарына кірісті. «16 жастағы қыз анасымен бірге Қырғызстаннан келіп, Еңбекші қазақ ауданына тіркеуге тұрған, алайда, іс жүзінде ол мекенжай бойынша тұрмаған. Қазақстанда оның танысы, құрбысы да болмағаны іздеу жұмыстарын қиындатты. Қыз Алматыдағы әпкесіне қашып кеткені анықталды. Әпкесі қызды аяған соң жасырғанын айтады. Қыздың сөзінше, ол үйде анасымен үнемі жанжалдасып қалады екен», — дейді ІІД өкілдері. Полицейлердің мәліметінше, қыз бала үйінен бірнеше рет қашқан. Осыған байланысты ювеналды полиция үйден қашудың себептері мен жағдайын анықтаумен айналысып жатыр. «Сонымен бірге, жасөспірім біздің елге келгеннен кейін мектепке бармаған, осыған байланысты білім органдарына хабар берілді. Қазіргі таңда қыз үйіне, анасына жеткізілді», — дейді полицейлер.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды