jasqazaq.kz

Берлинде шешенді өлтірген киллер қазақстандық болып шықты

04 желтоқсан 2019, 10:41

Тамыз айының соңында шешенстандық командир Зелимхан Хангошвилиді Берлинде өлтірді деген айыппен ұсталған ресейлік Вадим Соколов (төлқұжат бойынша) негізінде Вадим Николаевич Красиков — Қазақстан тумасы болып шықты.

Бұл туралы The Insider, Bellingcat және Der Spiegel басылымдары зерттеу барысында анықтаған. Журналистер киллердің есімін біліп қана қоймай, оның ресейлік мемлекетпен байланысын анықтаған.

«Красиковтың Ресей үкіметімен байланысы барын неміс билігі де анықтаған — ГФР бас прокуроры Петер Франк осы істі өз бақылауына алған», — делінген хабарламада. Зелимхан Хангошвили екінші шешенстандық әскери кампанияға қатысқан. Кейбір мәліметтер бойынша, ол Асла Масхадовтың жақын адамдарының бірі болған. © Bellingcat Тергеу авторларының айтуынша, Красиков 2013 жылы 19 қаңтарда Мәскеудегі тапсырыспен өлтіру ісіне де қатысы бар болуы мүмкін. Онда Кабардин-Балқар кәсіпкері Альберт Назаровқа оқ атылып, соның салдарынан ол қаза тапқан еді. Оқиғаның видеосы да жарияланған еді.

Жаңалықтарда кісі өлтірген адамға «велосипед мінген киллер» лақапаты да берілген болатын. Тергеушілер мәліметінше, Вадим Красиков 1965 жылы 10 тамызда Түркістан облысындағы Кеңестөбе ауылында дүниеге келген. 1980-жылдары оның отбасы Бурятияға көшкен. Онда Красиков үйленіп, екі баласымен Иркутск қаласына көшкен. 2019 жылы Мәскеу қаласына көшкен.

Мәскеудегі қылмысқа дейін де ол бұрындары да арам пиғылын іске асырып отырған делінеді. Мұны Карелия құқық қорғау органдарының 2007 жылғы қылмыстық ісі бойынша білуге болады. Қазіргі уақытта Красиковты ІІМ базасынан табу мүмкін емес, журналистердің айтуынша, біреулер оның есімін базадан алып тастаған. Германия Ресейге сауалхат жіберген, алайда Красиков туралы ешқандай жауап болмаған. Интерпола мұрағатынан, екіншісі визаға тапсырылған құжаттан. Вадим Соколовтың шын есімін авторлар Интерполдағы мұрағат арқылы білген. Оның қазіргі суреті мен визаға тапсырылған суретінің ұқсастығы — 80 пайыз. Осыған дейін Ресей президенті баспасөз қызметінің жетекшісі Дмитрий Песков осы істе ресейлік үкіметтің еш қатысы жоғын мәлімдеген.

tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда