
Шара қаланың басты көрікті жерлерінің бірі — Бранденбург қақпасының алдында өтті. Оқушылар Еуропа елдерін атом электр станцияларынан бас тартып, пластик ыдыстарға тыйым салуға шақырды.
Олар сондай-ақ жергілікті биліктен Германияда көмірді пайдалануды тоқтатуды сұрады. Оқушылардың айтуынша, Еуропа елдері жер шарының табиғатын қорғауға көп көңіл бөлу керек, ал экологиялық мәселелер басымдыққа ие болуы тиіс. Генриетта Коль, шараға қатысушы: — Мен мына үнпарақшамен барлығын әрекет етуге шақырамын. Себебі біз жаңа буын өкілдеріміз. Сондықтан қазіргі экологиялық ахуалды өзгертуге күш салумыз керек. Өйткені болашағымыз ғаламдық климатқа байланысты. Франц Оссин, шараға қатысушы: — Біз «Ғылым болашақ үшін» ұйымының ғалымдары қазіргі шеруді қолдаймыз. Кейбіреуі оқушылар шараны сабаққа бармау үшін ұйымдастырып отыр деуі мүмкін. Бірақ бұл акцияны ағартушылық мақсатта да өткізуге болады.