jasqazaq.kz

Берлинде мектеп мұғалімі каннибализмге күдікті ретінде ұсталды

24 қараша 2020, 17:57

Берлинде 41 жастағы математика пәнінің мұғалімі кісі өлтіру және каннибализм деген күдікпен ұсталды. Бұл іске жыныстық қанағаттану мақсатында баруы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеп хабарлайды.

Неміс полициясының хабарламасында мұғалімді «Стефан Р» деп таныстырады. Германия заңы бойынша күдіктілердің фамилиясын ресми айып тағылғанға дейін ашып айтуға тыйым салады.

8 қарашада Берлиннің солтүстігіндегі Бух саябағында серуендеп жүргендер 44 жастағы ер адамның сүйектерін тауып алған. Оның бұған дейін екі ай бойы хабар-ошарсыз кеткені мәлім болды. БАҚ өкілдері марқұмды «Стефан Т» деп таныстырған.

Криминалистер денені зерттеп, салыстырып ұқсастықтарын анықтап көрді.

Полиция өкілі танымал «BZ» таблоидына мәлімдегендей, сүйектердің бірі жұмсақ тіндерден мүлдем айырылған. Стефан Т каннибалдың құрбаны болды деген күдік тудыратын басқа да белгілер бар.

Із кесуші иттер полицияны күдіктінің үйіне алып келді. Оның интернеттегі каннибализмге қызығушылық танытқаны, тиісті материалдарды іздегені, сондай-ақ жәбірленушімен онлайн режимінде сөйлескені анықталды, деп хабарлайды DPA агенттігі.

Өлген кісінің мамандығы электрик, 5 қыркүйек түн ортасына кейін үйінен шығып кеткен. Оның жоғалып кеткені туралы полицияға оның жалдамалы пәтердегі көршілері хабарлады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық