
Qazaqstan телеарнасы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Украинадағы жағдай және осы мәселеге қатысты Қазақстанның ұстанымы туралы сұхбатының уақытын өзгертті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Qazaqstan Ұлттық телеарнасына бүгінге жоспарланған арнайы сұхбаты кейінге шегерілгенін хабарлаймыз», — делінген телеарна хабарламасында.