jasqazaq.kz

Берік Уәли жаңа қызметке сайланды

07 қыркүйек 2019, 12:38

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жаңа қызметке сайланды. Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли «ҚР Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы ptrk.kz сайтында хабарланды.

Берік Уәли 1977 жылы туған. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотанушы» мамандығы бойынша, сондай-ақ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Журналистика» мамандығы бойынша магистратурасын және Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Таң» телекомпаниясы ақпараттық бағдарламасының корреспонденті болып бастаған, «НТК» телеарнасының шығарушы редакторы, «31-арнада» жауапты және бас редактор, «Хабар» агенттігінің ақпараттық бағдарламаларының редакторы-жетекші, Qazaqstan телеарнасының «1-студия» ток-шоуының жүргізушісі, «Нұр Медиа»Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы болып жұмыс істеді. Баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, «Нұр Медиа» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы, Министрдің кеңесшісі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2019 жылғы наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда