jasqazaq.kz

Берік Уәли «Хабар» агенттігінің» Басқарма төрағасы болып тағайындалды

29 наурыз 2022, 11:07

Берік Уәли «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Берік Уәли 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «кинотанушы», 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «журналистика», 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. 1997-2012 жылдары – «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің журналисті, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі. 2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы. 2015-2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі. 2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры. 2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы. 2019 жылы наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде