jasqazaq.kz

Берік Асылов Бас прокурор лауазымына тағайындалды

03 наурыз 2022, 10:33

Мемлекет басшысы еліміздің Бас прокурорын тағайындады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымына тағайындалсын», — делінген құжатта.

Берік Асылов 1964 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

С. М. Киров атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, Литва Республикасының Каунас қаласында КСРО ӘҚК ҚК қатарында әскери борышын өтеген.

1991 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасында тағылымдамашы қызметінен бастаған.

1992-2001 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші және аға тергеуші, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.
2001 — 2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы басшылық лауазымдарында жұмыс істеді, Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.
2006 жылдан бастап Батыс өңірлік көлік прокуроры, содан кейін Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 28 шілдедегі Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокуратурасын;
2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасын басқарды.
2019 жылғы наурызда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде