jasqazaq.kz

Бергей Рысқалиевтың мүлігіне салынған тиым алынады

09 қыркүйек 2020, 11:24

Мемлекет Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевке тәркіленген мүлігін қайтарады. Бұл туралы  zakon.kz хабарлайды.

Бергейдің туыстарының мүлігіне салынған шектеулер де күшін жояды. Бас прокуратура ол мүліктің заңсыз баюға қатысы анықталған жоқ дейді.

— Оның туыстарына айып тағылған жоқ. Тергеу барысында ол мүліктің заңсыз баюға қатысы жоқ екені анықталды. Екіншіден, ресми айып тағылғанға дейін шектеу салынған мүлікке шектеу алынды. Бергейдің ол мүлкі қылмыстық топ құрған кезеңде емес, одан бұрынырақ, бизнесте жүрген кезінде тіркелген, — дейді ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

2019 жылдың қаңтарында Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев 17 жылға сотталған. Оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне алты жылға тыйым салынған.

Оның бауыры Аманжан Рысқали да мүлігінің тәркіленуімен 16 жылға сотталған.

Тергеу дерегінше, Бергей Рысқалиев 2006 жылы қылмыстық топ құрған. Ол Атырау облысындағы түрлі құрылыс жобаларын пайдаланып, 72 млрд теңге жымқырған.

Сот сырттай өтті. Ағайынды Рысқалиевтер Қазақстаннан қашып кетіп, қазір олар іздеуде деп саналады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде