jasqazaq.kz

Бергей Рысқалиевқа үкім шықты

25 қантар 2019, 21:56

Атырауда облыстың бұрынғы басшысы Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластарына қатысты сот үкімі шықты. Сонымен, 5 жылдан астам уақыт бойы қаралған атышулы қылмыстық іске нүкте қойылды. Сот экс-әкімге мемлекеттік айыптаушы сұраған мерзімді кесуді жөн санапты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Тыныштық Нұримова, судья:

— Бергей Сәулебайұлы 17 жылға бас бостандығынан айырылсын. Және оның өзінің иелігіндегі қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық жолмен табылып, мұраға қалдырылған дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмеn атқару құқығынан 6 жылға айырылсын. Жаза өтеу орны ретінде қауіпсіздігі барынша қамтамасыз етілген мекеме белгіленсін.

Бұдан өзге экс-әкімге 2008 жылы берілген «Парасат» ордені де қайтып алынатын болды. Бергей Рысқалиевтің мерзімі ол ұсталған күннен бастап есептелемек. Ал, оның інісі Мәжілістің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқали 16 жылға сотталды. Оның да дүние-мүлкі тәркіленіп, 6 жыл бойы мемлекеттік атқару орындарында қызмет жасауына тыйым салынды. Ағайындылардың күйеу балаларының бірі – Рүстем Әлбақасовқа да 16 жыл, ал өзге 5 сыбайластарына 8-10 жыл арасында бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда