jasqazaq.kz

Бердібек Сапарбаев: тауық пен жұмыртқа кіріс ретінде есептелмейді

06 мамыр 2019, 13:47

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаған кезде кіріс ретінде не саналып-саналмайтынын түсіндіріп өтті.

«Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты түсінбеушілік табысты есептеуден болды. Әсіресе, отбасының малына, егіні мен жиһазына байланысты. Жиһазды есептемеу керек. Біз үй-үйді араламаңдар деген тапсырма бердік, себебі ауылдан бастап әр қалада әрбір отбасының кірісі мен шығысына қатысты мәліметтер бар. Егер сұрақ туындаған жағдайда ғана, комиссияға сол отбасының үйіне барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтуына болады», — деді Сапарбаев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Жиһаздан бөлек, министрдің айтуынша, тауық пен жұмыртқа да кіріс ретінде есептелмейді.

«Үйіне барып, ешкім тоңазытқышын аша алмайды. Алмасы, шиесі, құлпынайы, басқасы бар, жеміс-жидек, көкөніс – мұның барлығы есептелмейді», — деді министр.

Сапарбаев халықты масылдыққа емес, еңбек етуге үйрету керек екенін атап өтті.

«Кейбіреулер мына алып жатқан табыстың ешқайсысын есептемеу керек деген ұсыныс айтады. Олай болмайды, масылдық болмауы керек. Табысты біз міндетті түрде есептеуіміз керек…Біз кішкентай баладан бастап үлкен кісіге дейін еңбек етуге үйретуіміз керек. Әйтпесе болмайды», — деген ведомство басшысы биліктің міндеті азаматтарға жұмыс істеуге жағдай жасау екенін айтты.

Sputnik

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде