jasqazaq.kz

Бердібек Сапарбаев: Спортта алалау ешқашан болмауы тиіс!

03 қазан 2019, 12:47

Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары жақында әлем чемпионаттарында өткен күрес, бокс, ауыр атлетика спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың көрсеткен жарыс қорытындысы бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында Бердібек Сапарбаев Қазақстанның көрсеткен нәтижесіне ашуланды. Бұл туралы ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Айта кетсек, әлем біріншіліктерінде қазақстандық спортшылар бокс бойынша 1 алтын, 1 күміс және 4 қола жүлде, күрес түрлері бойынша 3 күміс, 4 қола жүлде және ауыр атлетика бойынша 1 күміс жүлде иеленген-еді.

Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, Ұлттық Олимпиада комитетінің хатшысы Сәкен Мұсайбеков, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, сондай-ақ, ұлттық құрама командалардың бас бапкерлері жарыстардың қорытындысы және Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дайындық туралы баяндады.

Рамазановтың айтуынша, бүгінде Қазақстанның қоржынында 9 спорт түрі бойынша 20 лицензия бар, Олимпиадаға кемінде 100 лицензия жеңіп алу жоспарланған.

«Нәтижелер көңіл көніштерлік емес. Бокс бойынша жалпыкомандалық үшінші орынды алдық, ауыр атлетика бойынша – 12-ші, күрес бойынша – 14-ші орындамыз. Тек боксшылардың жалғыз алтын медалі бар. Министрлік, Ұлттық Олимпиада комитеті, федерациялар мен демеушілер жеткілікті қолдау көрсетіп отыр. Онда неге нәтиже жоқ? Бейінді министрлік бұл жұмысты дұрыс үйлестіре алмай отыр. Спорт – бүтін бір елдің имиджі. Токиода өтетін Олимпиада ойындарында жақсы нәтижелер көрсету үшін қателермен жұмыс істеңіздер. Уақыт аз қалды», — деді Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар вице-премьер-министр спортшыларды жарыстарға іріктеу кезінде ашықтық пен объективтіліктің жетіспейтінін айтты.

«Спортта жең ұшынан жалғасу, алалау ешқашан болмауы тиіс! Біздің еліміздің абыройын үздік спортшылар қорғауы керек. Бұқаралық спортты дамытып, кәсіби спортшылардың жас ұрпағын дайындау керек. Біздің материалдық-техникалық базамыз жақсы, сондықтан, әсіресе, өңірлерде спорттық құрылымдарды барынша тиімді пайдалану қажет», — деп түйіндеді ол.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда