jasqazaq.kz

Бердібек Сапарбаев кейбір мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің жұмысын сынады

27 қантар 2020, 15:24

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев кейбір мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің жұмысын сынады. «Біз бұқаралық ақпарат құралдары билік пен қоғам арасындағы көпір екендігін жиі айтып жатамыз. Ақпарат дер уақытында әрі нақты жеткізілген кезде ғана өзекті. Егер БАҚ өкілдері ақпаратты дер уақытында, дұрыс халыққа жеткізетін болса, онда тұрғындар да мемлекеттің, оның ішінде Үкіметтің, үкіметтік емес ұйымдардың не істеп жатқандығын біліп отырады», — деді Бердібек Сапарбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында. Осы орайда вице-пермьер мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтері ақпараттарды толыққанды әрі уақтылы беріп отыруы тиістігіне назар аударды. «Барлық мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерін үйлестіруге қатысты да көп мәселе айтылды. Министрлікке (Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі) баспасөз қызметтері халыққа белгілі бір ақпаратты уақтылы жеткізуі үшін олардың жұмысын үйлестіріп, бағыт беру жұмыстарын күшейту қажет. Өкінішке қарай, біз кейде кешігіп жатамыз. Бүкіл әлеуметтік желіде бір оқиға жайында жан-жақты талқылау жүріп жатқанда тиісті мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтері өрттің қашан шығатындығын күтіп үнсіз отыра береді. Содан кейін апыл-ғұпыл режимде сол өртті сөндіруге кіріседі. Меніңше, бұл жерге тиісті өзгертулер енгізуіміз керек», — деді Үкімет басшысының орынбасары.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде