jasqazaq.kz

Бердібек Сапарбаев: Еңбек дауларын шу шықпай тұрып шешу керек

26 қараша 2019, 16:00

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев жалақының уақтылы берілуін, жұмыс орындарында негізсіз қысқартудың алдын алу үшін еңбек тәуекелдері жөніндегі карта жасалғанын мәлім етті.

«Қаралып отырған мәселенің маңызын ескере келе 23 қарашада үшжақты комиссияның отырысы өтті. Сонда осы мәселелердің (еңбек қатынастары, еңбек даулары) барлығы жан-жақты қаралды. Бұған қосымша өңірлерде арнайы мәжілістерді өткіздік. Президент Әкімшілігі жетекшісінің, барлық әкімдердің қатысуымен де жиын болған кезде барлық өңір басшыларына өтінішімізді айттық. Үкімет басшысынан сұрайтынымыз – әкімдерге тапсырма берсеңіз… Ең басты мәселе – еңбек дауларының алдын алу керек. Біз негізінен көп жағдайда шу шыққаннан кейін ғана жұмыс жүргіземіз. Сондықтан, жалақының уақтылы берілуін, жұмыстар негізсіз қысқарудың болмауын алдын алу үшін еңбек тәуекелдері жөніндегі картаны жасаған болатынбыз», — деді Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында. Премьер-министрдің орынбасары өз сөзінде әрбір әкімдіктер сол картаның орындалуын қарап, тиісті шараларды қолдану керектігін атап өтті. «Екіншіден, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек келісімшарттарына дер кезінде қол қойылса ешқандай мәселе туындамайды. Жылдың аяғы келе жатыр. Сұрайтынымыз: осы мәселеге талдау жүргізіп, келісімшарттар бойынша орындалмаған жағдайлармен айналысу керек. Жалпы, кәсіподақтардың рөлін арттырған жөн», — деді Бердібек Сапарбаев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда