jasqazaq.kz

Бердібек Сапарбаев: Білім сапасына көбірек көңіл бөлу керек

19 желтоқсан 2019, 18:05

Бердібек Сапарбаев

Маңғыстау өңіріне іс-сапармен келген Бердібек Сапарбаев медициналық сала мен білім саласының қызметкерлерімен кездесті.

Бердібек Машбекұлы жуырда ғана Фариза Оңғарсынованың есімі берілген 29-мектепте бір топ ұстаздармен жүздесіп, саладағы жаңалықтармен бөлісті. Қазіргі таңда білім саласына көңіл толмайтынын айтып, жуырда ғана халықаралық агенттік тарапынан жасалған сауалнама қортындысын айтып берді. «БАҚ беттерінде жарияланды. Халықаралық агенттік талдау жасаған екен: Қазақстан соңынан санағанда 2-ші орында. Соңғы Грузия тұр. Егер біздің балларымыз Америка, Еуропа сияқты алпауыттардан қалмай білім алғанын қаласақ, білім сапасын арттыру керек. Мәселен, күнделікке байланысты. Интернеттің жылдамдығы нашар ма, қолмен толтыру керек. Оқулық мәселесі де айтылған болар. Министрлікте біраз шаруа бар деп. Оқулықпен жұмыс істейтін адам оқулық шығаруға қатысу керек. Аудару жұмыстарына да»,-деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары. Сондай-ақ, медицина саласының қызметкерлерімен кездескен Бердібек Машбекұлы өңірде кадрлармен қамтамасыз ету маңызды болып тұрғанын айтты. «Қазіргі таңда 200-ге жуық маман жетіспейді. Жетіспей тұрған мамандарға қаржы беріп, үй беріп, өңірге тарту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, барлық елді-мекендерде медициналық нысан салу керек. Аудан орталықтарында мрт құрылғылары болу қажет»,-деді ол.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда