jasqazaq.kz

Бердібек Сапарбаев: Барлық ұлт өкілдері өңірдегі бейбітшілікті сақтауы тиіс

19 ақпан 2020, 18:01

Жамбыл облысында тұратын барлық ұлттар мен этнос өкілдері өңірдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауы тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халықпен есепті кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. «Біз көп ұлтты мемлекет екенімізді ешқашан ұмытпауымыз керек. Қазақстанның 30 жылдағы жеткен ең басты байлығы – бірлік пен бейбітшілік. Біз мұны одан әрі сақтап тұруға міндеттіміз. Облыста 87 этнос өкілі өмір сүреді десек, олар әрқашан ынтымақ пен татулықта тіршілік кешіп келді. Қордай ауданында болған жағдай біз үшін сабақ болуы тиіс», — деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Аймақ басшысы облыстағы алғашқы жұмыс күнінен бастап қоғамдық кеңеспен, зиялы қауым өкілдерімен, бірқатар ауыл тұрғынымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдағанын, халықты толғандыратын өзекті мәселелерден хабардар болғанын атап өтті. «Кеше менен «Заң талаптары сақтала ма?» деп сұрады. Сақталады! Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз, сондықтан еліміздің заңдарын орындауға міндеттіміз», — деп атап өтті облыс басшысы.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия