jasqazaq.kz

Бердібек Сапарбаев автобус өртінен аман қалғандармен кездесті (видео)

20 қантар 2018, 16:24

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев автобустағы өрт кезінде аман қалған 5 адаммен кездесіп, олардың хал-жағдайын білді, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев еңбек демалысынан шыға салысымен Ішкі істер департаментінің бастығы Махамбет Абисатовпен бірге автобустағы өрттен аман қалған адамдармен кездесті. Өңір басшысының өрттен аман қалғандардың хал-ахуалын сұрап, кездескен сәті Іnstagram желісіндегі aktobe_akparat парақшасында жарияланды.

«Тексеру жүріп жатыр. Комиссия құрылды»,- дейді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы әр науқаспен кездесіп, жағдайын білді.

Ал Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстанның айтуынша, өрттен аман қалғандардың қолы мен бетін күйік шалған. Сондай-ақ, олар газға тұншығып қалған екен.

Айта кетсек, Ақтөбедегі автобустағы өрттен соң полиция тергеп-тескеру жұмыстарын бастады. Қазір полицейлер аман қалған адамдардан жауап алып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 18 қаңтарда сағат 10.30 шамасында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылынан он шақырым жерде ішінде 57 жолаушы бар автобусы өртеніп кетті. Оқиға орнында 52 адам қаза тапты. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары. Өрттің негізі себебі отты абайсыз пайдалану болып отыр.

 

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды