jasqazaq.kz

Бензол мен паракислолды Еуроодаққа экспорттауға рұқсат

21 сәуiр 2020, 12:19

Атырау мұнай өңдеу зауытында өндірілетін мұнай-химия өнімдері бензол мен параксилол REACH халықаралық сертификациясынан өтті.

Бұл оларды Еуропалық одақ елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.

REACH сертификаты тек халықаралық сапа сертификаттарын иеленген өнімдерге ғана емес, сонымен қатар Еуроодақ регламентінің талаптарына сай келетін өнімдерге берілетіндігін атап өткен жөн.

Өнімді сертификаттау тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаны
қорғаудың жоғары деңгейін, бәсекелестік пен инновацияларды қолдануды арттыра
отырып, химиялық заттардың еркін айналымын қамтамасыз етуге бағытталған.
Еуроодақ аумағындағы химия өнеркәсібіндегі барлық кәсіпорындар өндіретін немесе экспортқа шығаратын химиялық заттар туралы ақпаратты тапсырып отыруға міндетті.

REACH сертификатын рәсімдеу бірнеше кезеңмен жүргізілді. Оның барысында
тіркеу нөмірін алу үшін барлық қажетті құжаттама дайындалды, импорттаушы –
ұйымды, яғни «АМӨЗ» ЖШС Химиялық заттар жөніндегі еуропалық агенттігінде (ECHA) тіркеу, сондай-ақ деректерді бірлесіп беру жүйесіне (Joint Submission) қосу жүргізілді.

Еске сала кетейік, жаңғырту кезінде АМӨЗ-де салынған ароматикалық көмірсутектерді өндіру кешені жылына жоба бойынша 133 мың тонна бензол мен 496 мың тонна параксилол өндіре алады.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық