jasqazaq.kz

Бензиннің шуы Бозымбаевтың орынбасарын орнынан жұлды

10 қазан 2017, 11:48

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев үкіметтің бүгінгі отырысында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босатты, деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.

Үкімет басшысы өз сөзінде министрлердің орынбасарларын тағайындау және қызметінен босату өз құзыретіне жататындығын айтты. Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов өзіне жүктелген міндетті дұрыс атқара алмағандықтан қызметінен алынатындығын хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, қазір ел көлемінде бензин бағасы шектен тыс қымбаттап, көптеген бекеттерде жанармайды толан арқылы беріп жатыр. Парламент депутаты Мәулен Әшімбаев жедел арада үкімет жанармай бағасын реттемесе депуттар бұл мәселені парламентте қарайтындығын айтқан болатын.

Бейбіт Тоқтарбай

Астана

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде