jasqazaq.kz

Бензиннің бағасы қанша болады?

19 желтоқсан 2019, 17:45

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов бензин бағасына қатысты болжамымен бөлісті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Өздеріңіз білетіндей, акциздің бағасы жаңа жылдан бастап 10 теңгеге өседі. Десе де, бұл өзгеріс бензин бағасына бірден әсер етеді деп күтіп отырған жоқпыз. Өйткені, мұнай өңдеу зауыттарында өндірілген бензин әлі де көп. Бірақ, бара-бара бағаға 10 теңге қосылатын шығар деп болжап отырмыз. Әйтсе де 1 қаңтардан бастап емес. Жарты ай, бір ай ішінде жаңадан шығарылған көлем МӨЗ-дер арқылы жанар-жағармай бекеттеріне жеткеннен кейін баға өсуі мүмкін», — деді Әсет Мағауов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына берген жауабында. Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Азамат Әмрин акциздің көтерілуіне байланысты Қазақстанда бензин қаншалықты қымбаттайтынын айтып берген болатын. «Қазіргі таңда бензин бағасының акцизі — 8 теңге, бензинің литрі — 150 теңге болып тұр. Біз акциз ставкасын 10 500 теңгеден 24 435 теңгеге арттырдық. Осыдан барып, бензин литрі 10 теңгеге көтеріледі. Яғни, акциз 8-ден 18 теңгеге көтерілді. Осылайша, баға шамамен 8 пайызға – 150 теңгеден 160 теңгеге көтеріледі. Бірақ, бұл ретте акциздің бағаны реттеуші жалғыз фактор емес екенін ескеру керек», — деді Азамат Әмрин Үкімет отырысында.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда