jasqazaq.kz

Бензинді ғаламтордан іздеуде

17 қазан 2017, 21:52

Ақтаулық жүргізушілер жанармайды бекеттерден емес, ғаламтордан іздеуге кірісті. Өйткені, арнайы орындарда атымен жоқ сұйық отын әлеуметтік желі арқылы оңай табылады. Ал ірі бекеттердегі оның мөлшері бәріне бірдей жетпейтіндіктен, талонмен ғана беріліп жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Дегенмен, әкімдіктегілердің әңгімесі әдеттегідей әдемі. Олар өңір жүргізушілеріне енді он шақты күн шыдамдылық танытуды сұрап отыр. Өйткені осы айға Маңғыстау облысына бөлінетін жанармайдың мөлшері 3 есе көбейіпті. Одан бөлек қорда АИ-92-нің 1300 тоннасы бар екен. Ал, бензиннің осы түрін таба алмаған жүргізушілер газға көшуі себепті, қазір оған да ұзын-сонар кезек орнаған. Әрі мүмкіндікті қалт жібермейтін кәсіпкерлер сұйытылған көгілдір отынның бағасын 40 теңгеден 45-ке әп-сәтте көтеріп жіберіпті. Бірақ басшылар барлығы бақылауда деп жайбарақат отыр.

Бекмұрат Жүсіпов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

— Қандай да бір қиыншылықтар немесе жаңағыдай кезектер пайда болатын болса, оған іс-шаралар қабылдау туралы тапсырма болып отыр. Қазір Ақтау қалсы бойынша және барлық аудандарда автокөлікке арналған газды халыққа жеткізуде қиындық туғызбау жөнінде іс-шаралар қолдану күн тәртібінде.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты