jasqazaq.kz

Бензин орнына ауа құйған бекет өкілдері видеоға түсініктеме берді

04 қыркүйек 2017, 16:26

Қазнетте белгілі жанармай бекеттері желісінің тұтынушысының 70 литрлі көлік багына қалайшы 87 литр бензин сыйып кеткеніне таңданғандардың видеосы таралып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео авторы 25 және 62 литр деп тұрған екі колонканың көрсеткіштерін тіркеп, жанармай бекетінің қызметшісіне шағымданады. «Газпром нефть — Қазақстан» ЖШС-ның баспасөз қызметі алдына ала тергеу қорытындысы бойынша алаяқтық дерегі болмағанын мәлімдеді. Оқиға 1 қыркүйекте болған. «Жанармай құю колонкосында техникалық ақау болды. Жанармай құйылған жоқ. Осыдан кейін тұтынушы басқа колонкодан жанармай құйды. Ол 62 литрге ғана ақша төледі», — деп түсіндірді олар. Компания өкілдерінің мәліметінше, техникалық ақаулар жөнделді. «Клиентке сыпайылық танытпаған оператор қазіргі кезде жұмыстан шеттетілді. Біз үшін клиент маңызды. Дауыс көтеріп, дөрекілік танытуға болмайды», — дейді компания өкілдері.

 

Что за магия?

Публикация от Жесть в Казахстане (@zhest_kz)

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде