jasqazaq.kz

Бензин бағасының өсуі өзге тауардың қымбаттауына әсер ете ме?

22 қантар 2020, 21:38

Елімізде бензин тағы қымбаттады. Қазір жүргізушілер жиі тұтынатын АИ-92-нің бір литрі 152-153 теңгеден сатылуда. Ол осыған дейін жанар-жағармай бекеттерінде 144-145 теңгеден саудаланып келген болатын. Ұлттық экономика министрлігіндегілердің айтуынша, бұған акциз құнының көтерілгені себеп. Алайда олар мұның бензин бағасына бірден әсер етпейтінін айтады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Нұрлыбек Шаймаханов, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық саясаты басқармасының басшысы:

— 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап бензинді көтерме саудада сатуға акциз мөлшерлемесі көбейтілді. Яғни, 1 литр бензинге акциз мөлшері 10 теңгеге көбейді. Бұрын 8 теңге шамасында болса, енді 18 теңге шамасында. Бірақ бұл 10 теңгеге акциздің көбеюі, бензин бағасының 10 теңгеге көбейеді дегенді білдірмейді. Бензиннің бағасы нарықта айқындалады. Яғни, ол ұсыныс пен сұранысқа, бәсекелестікке байланысты.

Дегенмен жанармай соңғы аптада бірден 7-8 теңгеге қымбаттады. Мәселен, Алматыда АИ-92 қазір 153 теңгеге дейін саудаланып жатыр. Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында да жағдай осындай. Ал Ақтөбеде халықтың көбі көлігіне сұйытылған газ отынын қолданса да, бензин бағасы 2-3 теңгеге көтерілген. Көлік иесіне бағаның сан құбылуы қиынға соғып тұр. Қымбатшылықтың әсерін сезініп үлгерген жұрт бұл өзге де тауарлардың қымбаттауына әсер етеді ме деп алаңдаулы. Ал жанар-жағармай қауымдастығы халықтың бұл алаңдауының орынды екенін айтады.

Қайыпбек Қамбаров, Жанар-Жағармай қауымдастығының төрағасы:

— Бұл халыққа ауыр тиіп жатыр. «Неге?» деген сұрақтар туады. Неге сонда бірден көтеріп жібереді? Бізге қиын ғой. Жаңағы айтқандай, бұның артында басқа да тауарлар өседі. Өссе де, өспесе де, өседі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде