jasqazaq.kz

Бензин бағасы өсе ме?

17 қазан 2019, 16:03

Қазақстанда бензинге акциз көтерілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті. 

«Бүгінде бензиннің әрбір литрінде акциз бар, оның сомасы — 8 теңге. Қазіргі кезде акцизді тағы 10 теңгеге көтеру талқыланып отыр. Бұл қадам не үшін ұсынылып отыр? Өздеріңіз білесіздер, бюджеттік шығыстар елеулі көлемде өсті, оның ішінде әлеуметтік міндеттемелер артты. Республикалық бюджетте әлеуметтік салаға арналған шығыстар 45 пайыздан асты. Бұл тұрғыда бюджеттік консолидация қажеттігі бар, оның ішінде акциздердің фискалды қызметі арқылы. Қаулының жобасы қазір бұқарада талқылануда, осы орайда түрлі ұсыныстар жасалып жатыр», — деді Руслан Дәленов Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып. Оның сөзіне қарағанда, акцизді арттырудың алдын ала датасы биылғы жылдың 1 желтоқсанына жоспарланып отыр. Бүгінде АИ-92 бензинінің литрі шамамен 150 теңге, кей жерлерде 149-152 теңге аралығында. «Акциздің ставкасы тек 8 теңге, көршілес елдермен салыстырғанда бұл көрсеткіш өте төмен. Шетелде бензиннің жарты құнын акциз құрайды. Бізде аталған ұсыныс әлі де талқылау барысында», — деді министр. Ведомство басшысы аталған ұсынысқа байланысты бензин бағасының өсуі мүмкіндігіне пікір білдірді. «Егер де акциз қосылса, бензин алты пайызға қымбаттайды деп ойлаймын. Ал егер сол деңгейде қалса, бұрынғы баға сақталады. Шамамен 10 теңгеге қымбаттауы ықтимал», — деді Руслан Дәленов.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда