jasqazaq.kz

Бельгиядағы су тасқынынан келтірілген залал 10 млрд еуродан асады

22 шiлде 2021, 17:14

14-16 шілдеде Бельгияда соңғы 100 жылда болған ең ауыр су тасқынынан келтірілген залал, алдын ала бағалаулар бойынша, 10 млрд еуродан асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат RTL-TVI телеарнасына сілтеме жасап.

«Су тасқынынан алдын ала келтірілген залалды Валлония (Бельгияның оңтүстік франктілді аймағы) үкіметі бағалайды, ол қазірдің өзінде 10 миллиард еуродан асады», — деп атап өтті телеарна. Аптаның басында Валлония үкіметі аймақты қалпына келтіруге 2 миллиард еуро көлеміндегі көмек көрсету шұғыл жоспарын құру туралы жариялады. Бұл жоспар үшін 800 млн еуро коронавирус пандемиясынан кейін аймақты қалпына келтіруге бағытталған Валлония экономикасын қолдаудың басқа жоспарынан аударылатын болады. Сондай-ақ, аймақ үкіметі Еуроодақтан қосымша көмек күтетінін мәлімдеді. Бейсенбі күні таңертеңгі ресми мәліметтер бойынша, Бельгиядағы нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан 32 адам көз жұмған, олардың барлығы анықталды, ал 18-і хабар-ошарсыз кеткен. Он мыңнан астам үй қирап, бүлінген, осы уақытқа дейін 1,5 мыңға жуық үй сусыз, 10,5 мың үй электр жарығынсыз және 10 мың үй газсыз қалды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия