jasqazaq.kz

Бельгия парламенті АҚШ ядролық қаруын елден шығарудан бас тартты

17 қантар 2020, 19:16

Бельгия парламентінің депутаттары бейсенбі күні елде орналастырылған америкалық ядролық қаруды шығару және Ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі БҰҰ Келісіміне қосылу туралы жазылған резолюцияны қабылдаудан бас тартты.Бұл туралы EurActiv журналына сілтеме жасап ҚазАқпарат  хабарлайды.

Резолюцияны 66 депутат қолдап, 74-і қарсы болған.

Құжатты жақтағандар қатарында социалистер, жасылдар, центристер (cdH), Жұмыс партиясы (PVDA) және DéFI франкотілді партия бар.

Қарсы дауыс бергендер — N-VA ұлтшылдар партиясы, фламандық христиандық демократтар (CD&V), ультраоңшыл «Фламандық мүдде» және Фландрия либералдары.

Айта кетсек, Рождество мерекесінің алдында Парламенттің сыртқы істер жөніндегі комитеті Бельгия аумағынан ядролық қаруды шығару және елдің Ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі БҰҰ Келісіміне қосылу туралы ұсынысты мақұлдаған болатын.

Резолюция жобасында «Бельгия аумағынан ядролық қаруды шығаруға бағытталған жол картасын мүмкіндігінше жылдам әзірлеу» туралы Бельгия үкіметіне қаратылған үндеу жарияланған.

Өткен жылдың шілдесінде НАТО Парламенттік ассамблеясы жариялаған баяндамада Бельгия НАТО келісімі аясында АҚШ-тың ядролық қаруын сақтайтын Еуропаның санаулы елдерінің бірі екені расталып өткен. Қару елдің солтүстігіндегі Кляйне Брогель әуебазасында орналастырылған.

Бельгия БҰҰ-ның Ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі 2017 жылғы Келісімін әлі күнге дейін қолдаған жоқ.

Дегенмен, бейсенбі күні дауыс берілген резолюция оқиғаның барысын өзгертуі тиіс еді. Қоғамның пікірін білу үшін өткен жылдың сәуірінде YouGov өткізген сауалнама бойынша бельгиялықтардың 64% Үкімет келісімге қол қоюы керек деп есептейді. Ел халқының 17% ғана оған қарсы.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия