jasqazaq.kz

Белгісіз біреулер автокөлікті өртеп жіберген

05 қыркүйек 2018, 14:38


Оралда белгісіз біреулер үш бірдей автокөлікті өртеп жіберген.

ҚазАқпарат  жзғндай, облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңертең Мұхит көшесі бойындағы бес қабатты 78/1-үй маңында орын алған. Сағат 06-33-те «Тойота Королла» автокөлігінің салоны мен артқы бөлігі және «ГАЗель» автокөлігінің артқы бөлігі өртенген. Өрт 06.50-де оқшауланып, 07.05-те ауыздықталған. Жалынды сөндіруге 7 адам, 1 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, тағы бір «ГАЗель» автокөлігін өрттен иесі аман алып қалған. Ал «Тойота Королла» көлігі түгелге жуық жанып кеткен деуге болады. Облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, қазіргі кезде осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Бейнекамераның көмегімен күдіктілер іздестіріліп жатыр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді