jasqazaq.kz

Белгісіз бағытқа шығып кеткен жасөспірім қыз іздестірілуде

22 сәуiр 2022, 12:48

Қызылордада үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен 14 жастағы жасөспірім қызға іздеу жарияланды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Оқиға 21 сәуірде тіркелді. Облыс орталығында тұратын 14 жастағы жасөспірім Бернияз Аруназ Қайратқызы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы — 1,60-1,65 метр, орта денелі, шашы қоңыр түсті, ұзынша. Үстіне қызғылт-қоңыр күртеше, қара түсті шалбар, ақ түсті спорттық кроссовка киген. Кәмелет жасына толмаған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз. Тел: 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», — деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр