jasqazaq.kz

Белгілі жазушы, ғалым Әбілфайыз Ыдырысов дүниеден өтті

13 қыркүйек 2019, 11:05

Танымал журналист, жазушы, қоғам қайраткері, Әбілфайыз Ыдырысов 89 жасында дүниеден өтті. 

Әбілфайыз Ыдырысов 1930 жылы 23 ақпанда Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Егіндісай ауылында туған. Жазушы, журналист, педагог, тарих ғылымдарының кандидаты. Өзінің еңбек жолын «Қазақстан пионері» газетінің редакциясында әдеби қызметкер ретінде бастап, бас редактор қызметіне дейін көтерілген. Сондай-ақ, радиода, республикалық басылымдарда тынымсыз еңбек етті. Өзінің шығармашылық еңбек жолында 800-ден астам публицистикалық мақалалар, очерктер, оқулықтар, «Қазақ журналистикасының тарихы», «Очерк журналистика жанры ретінде», «Баспа өнімдерін әсемдеу» тағы басқа да пәндер бойынша әдістемелік құралдар дайындады. Әбілфайыз Ыдырысов деректі «Таңшолпан» романының авторы ретінде де танымал тұлға. Әбілфайыз Ыдырысов — Қазақстанның Ұлыбританиядағы, Исландиядағы және Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, бұрынғы сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың әкесі.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде