jasqazaq.kz

Белгілі вайнер Zheka Fatbelly-дің көлігі апатқа ұшырады (Видео)

07 шiлде 2021, 14:30

Zheka Fatbelly деген лақапатпен танымал қазақстандық белгілі вайнер Жеңіс Омаровтың көлігі жол апатына ұшырады.

Жеңіс Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып келгенін және досынан оны әуежайда күтіп алуын сұрағанын айтты.

«Алматыға ұшып келгенімде мені тосын сый күтіп тұрыпты. Алғаш алған көлігім Camry 55 болатын, оны жүргізушім жап-жаңа кезінде соғып тастады. Сол кезде де басқа қаладан ұшып келген едім. Жүргізуші маған келе жатып ЖКО-ға тап болғанын білдім. Сол кезде менде қиын кезең болған еді. Ол Camry-дың соғылуымен аяқталды. Енді мұндай жағдай қайталанып тұратынын түсіндім. Кеше досымның әуежайға келіп, мені алып кетуін күтіп отырғанмын. Оған қоңырау шалғанымда қатты айғайлаған дауысын естідім. Құдайға шүкір, ол тірі және бәрі жақсы. Бұл жаңа кезеңнің бастауы», — деп бөлісті Zheka Fatbelly парақшасында.

Полиция мәліметі бойынша, 2021 жылдың 6 шілдесінде сағат 12.00 шамасында Mercedes-Benz көлігінің тізгініндегі жүргізуші Сүйінбай даңғылының бойымен солтүстік бағытта келе жатып, көлікті басқара алмай бетон тірекке соқтығысқан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мекебай Асхат Талғатұлы (@askhat_abu_muhammad)

«ЖКО нәтижесінде көлік механикалық зақым алды. Жүргізуші тексеріліп, босатылды, зардап шеккендер жоқ. Материал Түрксіб аудандық ПБ-ға тіркелді», — деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия