jasqazaq.kz

Белгілі блогер Санжар Боқаевтың саяси байланыстары туралы айтты

28 қараша, 17:32

Белгілі блогер Жан Ахмадиев Санжар Боқаевқа қатысты сот үкіміне пікір білдіріп, оның кезінде «ескі Қазақстан» өкілдерімен қызметтес болғанын еске салды.
Блогердің айтуынша, Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Санжар Боқаевты 10 жылға бас бостандығынан айырған. Сондай-ақ оған 10 жыл бойы журналистика саласында жұмыс істеуге тыйым салынған.
Ахмадиевтің сөзінше, сотта Боқаевтың 2018 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ автокеруенге бөлген 42 миллион теңгені жымқыруды ұйымдастырғаны дәлелденді.
Блогер сондай-ақ Боқаевтың сол кезеңде Қайрат Шәріпбаев басқарған «ҚазТрансГаз» компаниясында кеңесші қызметін атқарғанын, кейін Дариға Назарбаеваның штаттан тыс кеңесшісі болғанын атап өтті.
Ахмадиев жариялаған бейнежазбада Боқаевтың Дариға Назарбаева туралы бұрын берген сұхбатынан үзінді келтірілген.
«Ол маған: «Менің кеңесшім болыңыз», – деді. Мен тек штаттан тыс кеңесші болсам ғана», – дедім. Ол: «Жарайды, штаттан тыс болсын», – деді. Сөйтіп, шамамен жарты жыл бойы жазбалар дайындап, көмектесіп жүрдім. Дариға Нұрсұлтанқызын жеке танитын адамдар оның өте мейірімді жан екенін біледі», – деген Санжар Бокаев.
Жан Ахмадиев осы жайттарға назар аударып, «Не деген парадокс?!» деп пікір білдірді.
Блогердің айтуынша, сот Боқаевты аса ірі мөлшердегі алаяқтық, ұрлық, ағаштарды заңсыз кесу және көрінеу жалған ақпарат тарату бойынша кінәлі деп таныған.

28 қараша, 23:45
Әзірбайжан - сыртқы саясаттағы сенімді серіктесіміз
27 қараша, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
27 қараша, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі