jasqazaq.kz

Белгілі блогер бір жылға бас бостандығынан айырылды

30 шiлде 2020, 14:18

Белсенді Руслан Жанпейісов (шын есімі — Бейбарыс Райымбеков) бір жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Шымкент қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

30 шілдеде Руслан Жанпейісовке қатысты сот үкімі шықты. Ол жәбірленушінің денсаулығына орташа ауыр дәрежеде зиян келтірді, сондай-ақ билік өкіліне тіл тигізді, телекоммуникация желісінде бейне жазбалар таратты деген айыптар бойынша кінәлі деп танылды.

Соттың үкімі бойынша белсенді бір жылға бас бостандығынан айырылды. Руслан Жанпейісов жазасын қауіпсіздік деңгейі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Сонымен қатар, сот жәбірленуші тараптың талабын қанағаттандырып, Жанпейісовтен 550 мың теңге өндіріп алды.

«Істі қарау барысында сот айыпталушының тапанша сияқты аэрозоль құралын пайдаланып, жәбірленушінің көзіне оқ атқаны анықталды. Салдарынан жәбірленушінің екі көзі химиялық күйік алып, оның көру қабілеті төмендеген. Аэрозоль құралының құрамында бұрыш болған. Сондай-ақ, ол қоғамдық орында К. есімді полиция қызметкеріне тіл тигізіп, оның видеосын интернетке жүктеген», — делінген хабарламада.

Сот отырысы барысында Жанпейісов жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірді деген айыпқа қатысты өз кінәсін мойындаған жоқ. Сот белсендінің осыған дейін заң бұзғанын ескерген.

«Сот айыпталушы мен оның адвокатының жәбірленушінің бетіне амалсыздан оқ атқанын және жәбірленуші оған қарсы заңсыз әрекеттерді жасағаны туралы дәлелдерін ескерген жоқ. Осы және басқа да айыптаулар сот барысында тексерілді. Куәгердің, жәбірленушінің куәгерлік етуі, видео, сот сараптамалық қорытындысы негізінде айыпталушының дәлелдері теріске шығарылды», — делінген хабарламада.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия