jasqazaq.kz

Белгілі әншілер Ninety One үшін «Жыл таңдауына» қатысудан бас тартты

06 желтоқсан 2017, 11:39

Отандық Ninety One тобына қатысты тағы да дау шықты. Еліміздегі өте танымал әншілер «Жыл таңдауы» деп аталатын үздік әндер фестиваліне аталған топ үшін қатысудан бас тартқан. Айтуынша, олар Ninety One жігіттерімен бір сахнада тұрғысы келмеген көрінеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы жоба продюсері Жан Мұқанов » rel=»nofollow»>Muzzone арнасына берген сұхбатына айтты.

«Бұл үлкен фестиваль. Мағынасы, ең маңыздысы — ән. Хит әндерді әншілер жанды дауыста айтады. Он бірдей жүргізушісіміз болады», — деген продюсер бірнеше танымал әншілердің фестивальға қатысудан бас тартқанын жеткізді. Оның айтуынша, басты себеп — Ninety One тобымен сахнаға қатар шыққысы келмеуінде.

«Бірнеше әртіс бар. Осы әртіс қосылды, мен қатыспаймын деп кетіп қалғандар бар. Әйгілі, мықты әншілердің бірі. Мен бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Шашын бояды, сырға тағып жатыр деп сынап жатыр. Дұрыс қой, қазақпыз. Бірақ бұл жерде олар — әртіс, әртістердің өз образы бар. Нақты кім екенін айтпай-ақ қояйын, сахнаға шықпай қалатын әртістер бар», — деді Жан Мұқанов.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды